|
25.03.2021 | 12:37
530

Елімізге ұшақпен келген екі адамнан коронавирус анықталды

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде

Елімізге ұшақпен келген екі адамнан коронавирус анықталды  Фото: ашық дереккөзден

2021 жылдың 24 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Италия, Мальдив Республикасы, Корея Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Монғолия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 42 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

5 176 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 5 133 адам, анықтамасыз 43 ҚР азаматтары келді. 

Оның ішінде: 

Алматы қаласының әуежайына – 22 рейс, 2 813 жолаушы, анықтамамен - 2 781, анықтамасыз - 32; 

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 727 жолаушы, анықтамамен - 716; анықтамасыз - 11; 

Шымкент қаласының әуежайына – 9 рейс, барлық 1 115 жолаушы анықтамамен келген; 

Ақтау қаласының әуежайына – 3 рейс, барлық 471 жолаушы анықтамамен келген; 

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 50 жолаушы анықтамамен келген. 

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 2021 жылдың 23 наурызында шетелден анықтамасыз келген 32 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша екі жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Оның ішінде бір жолаушы Стамбул – Алматы рейсімен, екінші жолаушы Киев – Нұр-Сұлтан рейсімен келген.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир