Миллиардер Адриан Чэн Гонконг тұрғындарына 10 млн масканы тегін таратпақ

09.04.2020 17:37

Бизнес империяның мұрагері Чэн маскалардың бірінші партиясы әлсіз адамдар топтары мен табысы төмен отбасыларға таратылатынын мәлім етті

inform.kz

Өнер туындыларының коллекцияларын жиюшы Адриан Чэн (Adrian Cheng) коронавирус пандемиясына қарсы күрес кезінде Гонконг тұрғындарына миллиондаған медициналық масканы тегін таратады. Бұл мақсатта 35 сауда автоматы салынбақ. Олар Гонконгтың түрлі бөліктерінде орнатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.

Бизнес империяның мұрагері Чэн маскалардың бірінші партиясы әлсіз адамдар топтары мен табысы төмен отбасыларға таратылатынын мәлім етті. Оларға маскаларды автоматтардан алу үшін арнайы смарт карталар беріледі.

Азияның басқа бірнеше елдері сияқты, Гонконг та өз тұрғындарына Covid-19 коронавирусы өршіген кезден бастап міндетті түрде маска тағуды кеңес еткен. Чэн New World Development компаниясының бас директоры әрі атқарушы вице-төрағасы, сонымен қатар өнер туындыларын танымал жиюшы. Былтыр ол Гонконгта өзінің жарқын сәулет және өнерімен кеңінен танымал болған K11 Musea сауда орталығын ашты.

Forbes Чэн отбасының дәулетін 20,7 миллиард долларға бағалап отыр. Маскаларды тарату автоматтары сәуірдің соңында қаланың 18 ауданында орналастырылады. Johns Hopkins University мәліметтерінше, қазіргі кезде Гонконгта індетке шалдығудың 1000-ға жуық оқиғасы тіркеліп, вирустан төрт адам қайтыс болған.