Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі мегаполистің барлық тұрғындары мен қонақтарын COVID-19-ға қарсы күрес шараларын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жобаға қатысуға шақырады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жобаның мақсаты: коронавирустың жаңа толқыны, респираторлық аурулардың өсу қаупі қарсаңында тұрғындарға санитарлық нормаларды, әсіресе маска режимін сақтаудың маңыздылығы, пандемиямен күресте алдыңғы қатарда тұрған адамдардың (медицина қызметкерлері, эпидемиологтар, полиция қызметкерлері, еріктілер және т.б.) жұмысының құндылығы және олардың денсаулығы үшін жауапкершілік туралы еске салу.
Ережесі:
Кез келген адам қаланың коронавируспен күресіне деген көзқарасын білдіретін 5-ке дейін фотосуретті немесе басқа графикалық суреттерді (карикатура, иллюстрациялар) жібере алады.
Жіберілген фотосуреттердің сапасы кемінде 300 dpi болуы керек.Түпнұсқа мазмұнды пайдаланыңыз.
Жоба келесі кезеңдерден тұрады:
— Жобаға қатысуға өтінім (оған жұмыстарды жіберу, аты-жөні және байланыс деректері кіреді).