|
19.03.2020 | 14:52
8363

Алматыда коронавирус жұқтырған бір адамның жағдайы орташа ауыр

Ол адамның өкпесінде обструктивті өзгерістер болған соң жағдайы орташа деп бағаланып отыр

Алматыда коронавирус жұқтырған бір адамның жағдайы орташа ауыр nauka.tass.ru


Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырған 1 адамның жағдайы орташа ауыр. Бұл туралы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді деп хабарлады Almaty.tv.

Алматыда тіркелген он тоғызыншы науқас 12 наурыз күні Краснодар – Мәскеу – Алматы рейсімен ұшып келген. Мамандар Мәскеу қауіпті елдер санатына кірмейтіндіктен науқасты карантинге алмаған. Ескерте кетейік, ол бұған дейін Мәскеу-Алматы рейсімен ұшып келіп, инфекция жұқтырған адаммен байланыста болған. Қазіргі таңда басқа да байланыста болғандарды іздеу жалғасуда. Дәрігерлердің айтуынша, науқас 17 наурызда карантинге алынып, талдаудар жасалған. Бүгін тест оң нәтиже беріп, пациент  жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды.

«Жалпы алғанда ауырған адамдардың барлығының жай-күйі мынандай жағдайда. Бір адамда өкпенің созылмалы аустриктивті ауруының болуына байланысты орта ауырлық дәрежеде. Қалғандары қанағаттандырарлық жағдайда. Бүгінгі күні 1 наурыздан бастап 4 провизорлық госпитальда карантинде 608 азамат, үй карантинінде 730 адам бар. Карантиндегі барлық адамдардың дене қызуы қалыпты деңгейде. Катаралдық құбылыстар жоқ деді», – деді Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан ӘБІЛДАЕВ

Айта кетсек, қазіргі уақытта қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында коронавирус жұқтырған 16 науқас болса, соның ішінде 2 бүлдіршін Балалар жұқпалы ауруханасында ем қабылдау үстінде. Сондай-ақ, қаланың бас дәрігері қалада жасанды демалдыру аппараттары жоқ деген қауесетке қатысты түсіндірме айтты. Оның сөзінше қажетті құралдар Алматыдағы медициналық ұйымдарында жеткілікті мөлшерде. Қаладағы емханаларда 479, республикалық ұйымдарда 100-ден астам аппарат бар екенін айтты.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир