Бразилияда бір тәулікте 4195 адам коронавирустан көз жұмды

bbc.com
bbc.com
Ауруханалар лық толы, тіпті кейбір қалаларда адамдар емделуге жетпестен қайтыс болуда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бразилияда бір тәулікте 4195 адам коронавирустан қайтыс болды. Бұл көрсеткіш пандемия басталғалы бері алғаш рет тіркеліп отыр деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Бразилия денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде елде 13 миллионнан астам адамнан вирус анықталған. Наурыз айында 66 570-ке жуық адам коронавирустан көз жұмған. Осылайша, бұл алдыңғы айдағы көрсеткіштен екі есе асып түскен. 

Ауруханалар лық толы, тіпті кейбір қалаларда адамдар емделуге жетпестен қайтыс болуда. Ал денсаулық сақтау жүйесі көптеген облыста қиұлдырау алдында тұр. Жалпы алғанда, елде індеттен көз жұмғандар саны 337 мыңнан асқан. Осылайша, өлім көрсеткіші бойынша Бразилия АҚШ-тан кейінгі орында тұр. 

Ауру жұқтырғандар мен қайтыс болғандар санының көбеюіне бүгінде кеңінен таралып жатқан SARS-CoV-2-нің жаңа штамы себеп болып отыр.

Алайда Бразилия президенті Жаир Болсонару қандай да бір шектеу шараларын енгізуге қарсы. Оның сөзінше, экономикаға келтірілген шығынның салдары вирустың өзінен де қауіпті болады. Тіпті, ол жергілікті билік енгізген кейбір шектеу шараларын алып тастауға тырысқан. 

Жаир Болсонару президент резиденциясында карантиндік шектеу шараларын сынға алып, оның жұмыссыздыққа, депрессия мен семіруге алып келетінін айтқан. Дегенмен Бразилиия басшысы соңғы 24 сағатта тіркелген 4 195 өлімге қатысты пікір білдірмеген.

Новости партнеров