«Омикрон» штамының таралу қаупі жоғары – дәрігер
Фото: ашық дереккөзден
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Гамалея атындағы Эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбург омикрон штамы «дельтаға» қарағанда әлдеқайда тез таралатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Бүгінде біздегі алдын ала мәліметке сүйенсек, омикрон штамы аса қауіпті, вирулентті деп айтудың қажеті жоқ. Оның жұқпалы екені басқа мәселе, яғни халық арасында әлдеқайда тез таралады», – деді Гинцбург.
Ол омикронға байланысты, әсіресе вакцина алмағандар арасында жұқтыру саны өте жоғары көрсеткішке жетуі мүмкін екенін айтты.
Бұған дейін Алматы қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин омикрон толқыны сөзсіз болатынын айтып, алматылықтарды екпе алуға шақырған еді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
31.10.2026 09:50
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
30.10.2026 20:31