Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберісі аптасына 3 рет дезинфекцияланады

Акимат Алматы
Акимат Алматы
Коронавирустың алдын алу мақсатында 600 дезинфектор жұмылдырылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда коронавирустың алдын алу мақсатында кіреберістерді дезинфекциялау аптасына 3 рет жүргізіледі, 600 дезинфектор жұмылдырылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Мейіржан Отыншиев айтты.

«Алматыда ең ірі тұрғын үй қоры бар. Шамамен 8 625 көппәтерлі тұрғын үй, 24 мың кіреберіс, 4 107 аула аумағы. Бұл өте үлкен көлем, онда біз аптасына екі рет дезинфекция жүргіздік», – деді М.Отыншиев.

Ағымдағы жылдың 25 наурызынан 13 шілдесіне дейін мердігер ұйымдар КПТҮ және жалпы пайдалану орындарына аптасына 2 реттік мерзімділікпен дезинфекциялық өңдеу жүргізді, дезинфекциялық құралдың орташа шығысы - 71 000 л. Ағымдағы жылдың 13 шілдесінен бастап дезинфекциялық өңдеу аптасына 3 реттік мерзімділікпен жүргізілді. Одан кейін, ағымдағы жылдың 3 тамызы мен 2 қарашасы аралығында дезинфекциялық өңдеу аптасына 1 реттік мерзімділікпен жүргізілді.

Сонымен қатар, Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің а.ж. 30 қазандағы қаулысына сәйкес қаланың Тұрғын үй саясаты басқармасы аптасына 3 реттік мерзімділікпен көп пәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістері мен аула аумақтарына дезинфекциялық өңдеу жүргізуді қамтамасыз етеді. Бұл жұмысқа 60-тан астам бригада, 600-ге жуық дезинфектор тартылған.

Дезинфекциялық өңдеу санитарлық ережелерге сәйкес орындалады.

Дезинфекциялық өңдеу үшін «Акма-хлор», «Хлор-ал», «Алма-Экстра», «Шлюзамин», «Септохим», «Сан-лайт», «Concept Surface», «Септолит форте» және «Септолиз универсал» сияқты құралдар қолданылады - бұл ҚР және Кеден одағының санитарлық-гигиеналық талаптарына сәйкес келетін отандық өндірістің тексерілген препараттары. Сондай-ақ, олар өндіруге, сатуға және пайдалануға рұқсат етілген препараттардың мемлекеттік тізілімінде тіркелген.

Дезинфекция коронавирус инфекциясының таралуын болдырмаудың негізгі әдістерінің бірі болып табылады. Қолданылатын дезинфекциялық құралдар бактерияларға, вирустарға, саңырауқұлақшаларға қарсы тиімді және ГОСТ 12.1.007.76 бойынша қауіптілігі III класты орташа қауіпті заттарға және қауіптілігі төмен заттардың IV класына концентрат түріндегі ингаляциялық әсері бойынша бұл препараттар жергілікті тітіркендіргіш әсер етпейді және адамдар мен жануарларға зияны жоқ.

«Ұлттық сараптама орталығы» филиалы мердігер ұйымдарға алдын ала хабарламай, өңдеу кезінде пайдаланылатын дезинфекциялау құралдарының сынамаларын кезең-кезеңімен іріктеп алатынын атап өткен жөн. Бүгінгі таңда зерттеу хаттамаларына сәйкес белсенді зат құрамының нормативтік көрсеткіші нормаларға сәйкес келеді.

Ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айлары аралығында күн сайын 800 мың шаршы метрге жуық тротуарларға, көшедегі қоқыс жәшіктеріне, орындықтарға және басқа да көше нысандарына дезинфекциялық өңдеу жүргізілді.

Новости партнеров