Анықталған тағы екі адамның бірі Мәскеуден, екіншісі Варшавадан ұшып келген
Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы екі адам анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Белгілісі, олардың бірі 1958 жылғы ер адам, жеке кәсіпкер. Ол 10 наурызда Мәскеуден Алматыға ұшып келген. Қазіргі таңда науқас карантинде ем қабылдап жатыр. Сондай-ақ қауіпті індет Нұр-Сұлтанда тағы бір әйелден табылды. Ол Варшавадан ұшып келген. Осылайша коронавирус жұқтырғандардың Қазақстан аумағындағы жалпы саны алтыға жетті.