Сондай-ақ қалада қарқынды түрде дезинфекция шаралары атқарылып жатыр
Осы мақсатта Әуезов ауданынның арнайы штаб құрамы қаладағы халық көп келетін жерлерге барып бақылау жасады. Арнайы құрамда тәртіп сақшылары, төтенше жағдайлар қызметкерлері және тауарлар мен қызметтерді бақылау департаментінің мамандары бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Түсіндіру жұмыстары қаладағы тәулік бойы істейтін асханалар, автобекеттерге жүргізілетін болады. Мамандар тұрғындарға әлемді жайлаған кеселді жұқтырмаудың амалдарын түсіндіріп, сақтық шаралын айтып жатыр. Сондай-ақ тазалық жұмыстары да басты назарға алынды.
«Арнайы шаралар барысында 20 мобильді топ тексеріс жүргізді. Әр топта 10-нан астам қызметкер бар. Тексерістен өтетін ғимараттар тізімі ішінде мейрамханалар мен автобекеттер бар. Барынша адам көп жиналатын орындар таңдап алынды. Тұрғындарға өз подьездерінде және жедел көтерілу сатыларын барынша тазалып, гигеналық жұмыстарды сақтауға шақырамыз», - деді Әуезов аудандық коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Азат КӘКЕТАЕВ.