Жаннна Пралиева елордада коронавирус жұқтырғандар бір аптада 12 пайызға өскенін айтты
Мамандар 65-тен асқан адамдарға ораза кезінде қандай сақтық шараларын қабылдау керектігін түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары Жанна Пралиеваның айтуынша, 65-тен асқан адамдар әлі де болса тәуекел тобында тұр. Сондықтан Рамазан айында оларға аса сақ болу ұсынылып отыр.
«Рамазан айында ұжымдық құран бағыштауға, жұма және 5 уақыт намазды көпшілікпен оқуға тыйым салынады. Қасиетті Рамазан айында ауызашарды бір отбасы мүшелерін қоспағанда ұжыммен, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салынады. 65 жастан асқан адамдар әлі де тәуекел тобында. Осыған байланысты қасиетті Рамазан айында аса қажеттілік болмаса, тұрғылықты жерінен шықпау, оның ішінде ауызашар, құдайы ас өткен орындарға бармау ұсынылады»,– деді маман.
Аталмыш шарада Жаннна Пралиева елордада коронавирус жұқтырғандар бір аптада 12 пайызға өскенін айтты. Сондай-ақ, ол дәрігер оразаны тоқтату тура кеңес берсе, құлақ асу керектігін айтып отыр.