Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов мәлім етті
Қазақстан бірнеше елмен әуе байланысын қысқартпақ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Тиісті жоспар бар және оны таяуда жүзеге асырамыз. Осы орайда бірнеше бағыт бойынша әуе рейстерін қысқарту ескерілген. Бұл тұрғыда Украина, Германия, Беларусь, сондай-ақ БАӘ қамтылмақ. Сонымен қатар бұған дейін Түркиямен арадағы рейстерді қысқарту туралы жариялаған едік», – деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде.
Бұған дейін хабарланғандай, Ерлан Қиясов коронавирустың таралуына тосқауыл қою бойынша мемлекеттік шекарадағы шаралар туралы түсіндірді.