Жапонияда коронавирус жұқтыру деңгейі рекордтық көрсеткішке жетті

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Қазіргі уақытта елде инфекцияның жетінші толқыны орын алуда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жапонияда күн сайын коронавирус инфекциясын жұқтырушылар саны рекордтық көрсеткішке жетті. Вирусқа шалдыққандар 180 мың адамнан асқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта елде инфекцияның жетінші толқыны орын алуда. Індет мемлекеттің 47 префектурасының 35-де анықталды.

Әсіресе ел астанасы Токиода бұрын-соңды болмаған аурушаңдық деңгейі орын алып, 31 мың 878 дерек тіркеліп отыр. Соңғы рет вирустың өршу деңгейінің жоғарылауы 21 мың 562 адаммен ақпан айында болған.

Алайда COVID-19-дың көбеюіне қарамастан ел үкіметі қозғалысқа шектеу енгізілмейтінін айтты.

Бірақ жазғы демалыс кезінде туристік және мейрамхана индустриясы инфекцияның жаңа толқыны алдыңғы толқындарда зардап шеккен кәсіпорындарға тағы да соққы жасай ма деп алаңдаулы.  

Новости партнеров