Әуежайдан қашып кеткен жұптың коронавирусқа тапсырған сараптамасының нәтижесі шықты

26.10.2020 17:51

Санитар дәрігер астаналықтардың үйде медициналық бақылауда екенін және олардың жағдайы қанағаттанарлық екенін айтты

nur.kz

Нұр-Сұлтан әуежайынан қашып кеткен отбасылық жұптың коронавирусқа тапсырған сараптамасының нәтижесі шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Екеуінің де нәтижесі (ПТР-тест) теріс», – деді көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов.

Санитар дәрігер астаналықтардың үйде медициналық бақылауда екенін және олардың жағдайы қанағаттанарлық екенін айтты.

Еске салайық, бұған дейін Шарм-әл-Шейхтен оралған елордалықтар әуежайда арнайы автобусқа отырғызатын кезде ПТР-тест тапсырмай қашып кеткені хабарланған болатын.

Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов Нұр-Сұлтандағы ПТР-тест тапсыру пунктінен қашқандардың бірі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қызметкері болып шыққанын айтты.