Дүниежүзінде коронавирустан қайтыс болғандар саны 105 мыңнан асты

13.04.2020 20:10

Соңғы 24 сағат ішінде 6262 адам көз жұмған

iz.ru

Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар саны 105 мыңнан асты. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) сайтында айтылған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазіргі уақытта дүниежүзі бойынша коронавирус жұқтырғандар саны - 1 696 588, оның ішінде 105 952 адам вирустан қайтыс болған.

ДДСҰ мәліметі бойынша, бір тәулікте 85 679 адамнан коронавирус анықталған. Соңғы 24 сағат ішінде 6262 адам көз жұмған.

Ұйым мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирус жұқтыру дерегі еуропалық аймақта көп тіркелген екен, кәрі құрлықта 880 106 адамнан COVID-19 анықталған.