Шетелден ұшып келген 11 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары ПТР-тест тапсырды, қазір олар карантин стационарында жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, коронавирус анықталған жолаушылар Қазақстанға 29 желтоқсанда ұшып келген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.
«ПТР-тест нәтижесі бойынша, 29 желтоқсанда Шарм-Эль-Шейх – Қостанай бағыты бойынша елге келген 212 қазақстандықтың 11-інен коронавирус инфекциясы анықталды», – делінген хабарламада.
30 желтоқсанда Қазақстанға Нидерланд, Ұлыбритания, Мысыр, Түркия, БАӘ, Беларусь және Өзбекстаннан тоғыз халықаралық әуерейсі келген. Шетелден ұшып келген 1258 жолаушының ішінде 1044 адамның тест нәтижесі теріс, 214 қазақстандық анықтамасыз келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары ПТР-тест тапсырды, қазір олар карантин стационарында жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
25 қазанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
25.10.2026 10:05
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37