Түркістан облысында 5 жасар сәби анасынан вирус жұқтырған

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында соңғы ақпаратқа сәйкес, коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам тіркелді. Жалпы саны өңірде 25 адамда коронавирус індеті расталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайт таратқан мәліметтерге қарағанда, 2015 жылғы сәби Арыс қаласы, Наурыз ауылының тұрғыны, вирусты анасынан жұқтырған. Анасы Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытында поезбен келген әйелмен жақын байланыста болған.

1984 жылғы Жетісай қаласының тұрғынынан вирус скрининг жасау барысында анықталған.

«Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда. Қазіргі таңда аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Жетісай ауданында - 13, Кентау қаласында - 2, Арыс қаласы - 2, Ордабасы -1, Сарыағаш - 1, Мақтаарал - 4, Сайрам ауданында – 2 адамнан вирус анықталды.

Новости партнеров