Атырау облысындағы Теңіз кенішінде тағы 51 жұмысшы коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қауіпті індетке шалдыққан науқастар арасында Атырау қаласынан 1 адам бар. Науқастардың дені – 51 адам Теңіз кенішіндегі мердігер мекемелердің жұмысшылары екені анықталып отыр. Оның ішінде 11 науқастан коронавирустың симптомды түрі табылған.
«Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 76 адам сауығып шықты. Қазір 345 адам үй жағдайында емделуді жалғастыруда. Облыстық инфекциялық стационарда 73, ал аудандардағы стационарларда 23, Теңіз кенішіндегі стационарда 683 науқас емделіп жатыр»,– деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда коронавирус жұқтырғандардың дені – Теңіз кенішінің жұмысшылары екенін хабарлаған едік.