Қарағанды облысында тағы 77 адам коронавирус жұқтырған

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Облыста барлығы 1419 жұқтыру жағдайы анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 77 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 77 адамда COVID-19 вирусы анықталды, тіркелген жағдайлар скрининг барысында және жақын байланыста болғандарды тексеру нәтижесінде анықталды.

«Қарағанды қ. жұқпаның – 48 жағдайы, Теміртау қ. - 4, Саран қ. - 3, Жезқазған қ. - 2, Балқаш қ. - 4, Қаражал қ. 1, Абай ауданында - 2, Бұқар жырау ауданында - 8, Шет ауданында 5 жағдай анықталды», - делінген ақпаратта.

Барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, ем алып жатыр. Ошақтарда дезинфекциялық шаралар жүргізілді.

Қазіргі уақытта облыста 1419 жұқтыру жағдайы анықталды, оның ішінде 7 өлім жағдайы және 630 пациент жазылып шықты.


Новости партнеров