АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандар саны 80 мыңнан асты

АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандар саны 80 мыңнан асты
Ауру жұқтырудың жаңа деректері туралы ақпарат Johns Hopkins University сайтында жарияланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Коронавирус жұқтырған адамдар саны бойынша дүниежүзілік статистика күн сайын жаңа деректермен толығып жатыр. Соңғы мәліметтерге сәйкес, науқастардың жалпы саны 4 171 859 адамды құрайды. Вирустың салдарынан 285 945 науқас қайтыс болды деп хабарлайды Kaz.nur.kz.

Ауру жұқтырудың жаңа деректері туралы ақпарат Johns Hopkins University сайтында жарияланды. Статистикаға сәйкес, тізімде кейбір өзгерістер болды. Осылайша, коронавирус жұқтырудың ең көп саны анықталған алғашқы 5 елдің ішіне Франция мен Германия кірмейді. Соңғы бірнеше аптадағыдай Америка антирейтинг бойынша көшбасшы болып келеді. Қазіргі уақытта АҚШ-та 1 346 723 коронавирус жұқтырған адам тіркелген.

Қауіпті аур салдарынан 80 378 науқас қайтыс болды. Құрама Штаттарды Испания өкшелеп келеді, онда 227 436 адамнан коронавирус анықталған. АҚШ-пен салыстырғанда мұнда көз жұмғандар саны бірнеше есе аз, десек те мұның өзі үлкен көрсеткіш – 26 744 науқас. Англияда 224 332 адам коронавирус жұқтырған. Ұлыбританияда коронавирустан 32 141 адам қайтыс болыпты. Алғашқы "бестіктен" шыққан еуропалық мемлекеттердің орнына вирус жұқтырғандар саны бойынша Ресей жайғасты.

Онда ауру жұқтырғандар саны 221 344 адамды құрайды. Мұндағы аурудың жоғары деңгейіне қарамастан, қайтыс болғандар саны анау айтқандай көп емес – 2 009 дерек тіркелді. Бесінші орында бұған дейін күн сайын коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды көптеп анықтаған Италия. Қазіргі уақытта мұнда 219 814 адам ауру жұқтырған. Қайтыс болғандар саны – 30 739.

Еске сала кетсек, соңғы мәліметтер бойынша, елімізде тағы 47 адам коронавирус індетін жұқтырды. Осылайша, ел бойынша науқастар саны 5207-ге жеткенін жазған едік.

Новости партнеров