Лахан жаңа штамды жұқтырған адамдардың Ратнагири қаласының тұрғындары арасында анықталды
Үндістандық Махараштра штатында коронавирустың жаңа штамын жұқтырған 20 жағдай тіркелді. Жаңа штамға «дельта плюс» (В.1.617.2.1) деген атау берілді, деп хабарлайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Медициналық білім беру және зерттеу басқармасының басшысы, доктор Татьярао П. Лахан India TV телеарнасының эфирінде айтқан.
Вирустың жаңа түрі дәнекер тінде індетпен ауырған және екпе салдырған адамдардағы антиденелердің белсенділігін төмендететін K417N мутацияға ұшырауымен ерекшеленеді.
«Біз Нави-Мумбай, Палгаре мен Ратнагириден «дельта плюсті» таптық. Одан соң оның үлгілерін талдауға жібердік, нәтижесін күтіп отырмыз»,– деді Татьярао П. Лахан.
Сондай-ақ, Лахан жаңа штамды жұқтырған адамдардың Ратнагири қаласының тұрғындары арасында тіркелгенін, осы орайда инфекция жұқтырған екі адамда аурудың ешқандай белгілері байқалмағанын алға тартты.
Айта кетейік, Үндістан биілігі коронавирустың таралуын тоқтату үшін арнайы аймақтар құрып, коронавирустың жаңа түрлері анықталған аудандарға кіруге тыйым салды.