Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев бірнеше минут бұрын өткен брифингте айтты
Алматыда азық-түлік емес базарлар, сауда орындары мен сауда орталықтары жұмысын тоқтатады. Ал, азық-түлік сататын барлық дүкендер мен базарлар толық көлемде жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазір қалаға азық-түлік өнімдерін жеткізумен айналысатын кәсіпкерлермен келіссөз жүргізу үшін арнайы штаб құрылған. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев мәлімдеді. Оның сөзінше, бүгінде «Алтын Орда» логистикалық орталығымен келісімшарт жүргізілген. Қалаға жүк тасымалдайтын барлық көліктер жасыл дәліз арқылы кіріп-шығатын болады.
«Бұдан бөлек қаладағы барлық мейрамханалар да жабық болады. Олар тек жеткізу қызметі арқылы ғана жұмыс жасай алады. Осыған орай ресторан кәсіпкерлерін қаланы қолдауға шақырамыз. Олар толық жабылмай, тұрғындарға тапсырысты жеткізу қызметіне көшуді қолға алуларын сұраймыз» - деді қала әкімінің орынбасары Сапарбек ТҰЯҚБАЕВ.