Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы таратты
Коронавирусқа арналған тест-сынамасының бағасы әлемдік нарықта 30-бен 60 АҚШ доллары шамасында, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мұндай ақпаратты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропа бюросының үйлестірушісі Дорит Нитзан таратты. Оның сөзінше тесттің құны сатып алатын елге және оның көлеміне байланысты дейді. Сондықтан кейбір елдерге үнемді болуға шақырды. Дорит Нитзан қазір дүниежүзілік денсаулық ұйымы басқа да арзан нұсқаларын зерттеп жатқан көрінеді. Бірақ олардың барлығы алдымен сертификациядан өтуі қажет.