Дәрігер Алматы тұрғындарына «дельта» нұсқасының өте ауыр өтетінін еске салды. Коронавирустың дельта нұсқасының симптомдары өте ауыр. Бұл туралы Алматы қаласының №8 емханасының бас дәрігері Фарида Ағыбаева мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Симптомдар COVID-19 бастапқы нұсқасына тән белгілерден ерекшеленеді.
«Науқастардың ыстығы көтеріледі, тамақ ауруы пайда болады және жиі басы ауырады. Қарапайым суық немесе тұмаумен шатастыру оңай. Індет жұқтырғандарда коронавирусқа тән иіс сезбеу болмайды. Бірақ жүрек айну, құсу, диарея және асқазанның ауыруы, қатты әлсіздік ерекше белгілер бар. Аурудың ағымы коронавирустық инфекцияның дельта нұсқасында жоғары жылдамдықпен сипатталады және жиі ауыр болады – науқастарда орташа ауыр, ауыр, симптомсыз және жеңіл формалар жиі кездеседі», – деді Ф. Ағыбаева.
Сондай-ақ, есту қабілеті бұзылады, асқазан-ішек проблемалары және қанның ұйюы қалады.
Егер науқас вакцина алмаған болса, онда «дельта» нұсқасын жұқтырған кезде жағдайы өте ауыр болады. №8 емхананың бас дәрігері толық иммундалған адамның дерті симптомсыз немесе әлдеқайда жеңіл өтетінін айтты. Сондықтан Ф. Ағыбаева Қоғамдық денсаулық басқармасының атынан алматылықтарды вакциналануға тағы да шақырды.