Өнерімен көпті таңғалдырып, TikTok-та 800 мыңға жуық оқырманы бар суретші-блогер Рауан Жарылқасынов «Алматы» телеарнасы «Таңғы STUDIO» бағдарламасында қонақта болды.
19 жастағы блогер қолы қалт етсе сурет салғанды жақсы көреді.
«Маған бала кезімнен сурет салған ұнайды. Негізінде, мен денсаулығыма байланысты мектепке 9 жасымда барғанмын. Сол кезден бастап, әртүрлі бақытта суреттер сала бастадым. Басты арманым – осы салған дүниелерімді халық көріп, баға берсе. Аллаға шүкір, желі арқылы халық бағасын беріп жатыр» – дейді Рауан Жарылқасынов.
Блогер суретті әртүрлі стильде салғанды ұнатады. Сонымен қатар атақты суретші Винсент Ван Гогтың кітаптарын оқып өзіне шабыт алады.
«Суретті негізі, әртүрлі стильде саламын. Портретті қарындашпен салсам 2-3 сағатта аяқтаймын. Ал гуашьпен 4-5 сағат саламын», – дейді блогер.
Рауан сурет салумен қатар қораптан түрлі бұйымдар жасайды.
«Менің блогер болуымның басты мақсаты – еліміздегі өнерлі балалардың қатарын көбейткім келеді. Мен сурет салумен қатар, қораптан түрлі заттар жасағанды жақсы көремін», – дейді ол.