|
19.03.2020 | 14:52
36930

"Магнум" басшысы мегаполис тұрғындарын жұмысқа қабылдауға дайын

Қазақстанның ірі 2 қаласында тауарларды жеткізуде біраз қиындықтар туындауына

"Магнум"  басшысы мегаполис тұрғындарын жұмысқа қабылдауға дайын Almaty.tv

"Магнум" сауда-саттық желісінің басшысы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласының тұрғындарын жұмысқа қабылдауға дайын екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстанның ірі 2 қаласында "Магнум" желілеріне тауарларды жеткізуде біраз қиындықтар туындауына байланысты қажетті азық-түлік қорының сөрелерде азайып қалуы мүмкін екендігін де жасырмады. Бірақ, мұның бәрі қордың жетіспеушілігінен емес, тек жеткізу қызметінің баяулауына байланысты дейді кәсіпкер. Осыған байланысты, магнумге қалада тұратын мүдделі тұрғындарды қызметке алу басталыпты.

«Карантин кезінде тауарларды қоймалардан Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы «Магнум» желілеріне жеткізу жалғасуда. Бірақ, біздің жұмысымызға бірқатар түзетулер енгізілді. Барлық жеткізушілердің көліктері қалаларға кіре берісте бақылаудан өтетіндіктен, жеткізу жылдамдығы баяулап, адамдардың қозғалысына шектеулер енгізілді. Сондықтан, Нұр-Сұлтан мен Алматы маңында тұратын кейбір қызметкерлеріміз кестеге сәйкес жұмысқа шыға алмайды. Осыған байланысты, біз екі қаладағы тұрғындарды жұмысқа қабылдауға дайынбыз. Егер, біздің қызметіміз әдеттегідей болмаса, тұтынушылардың түсініспеушілікпен қарауын сұраймыз. Қоймаларда қор жеткілікті. Барлықтарыңызға саулық тілеймін!» - деді «Magnum» компаниясының басшысы Азамат ОСМАНОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир