Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 596 адам ем қабылдауды жалғастыруда
Өткен тәулікте пневмониядан 1 адам көз жұмса, коронавирустан 5 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 596 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 34 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 523 науқас жатыр. 2 073 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 137 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 25 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 28 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.