Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев Реаниматология және анестезиология орталығы жұмысының оң нәтижесін атап өтті. Бүгінде дәрігерлер 1000-нан астам ауыр науқастың жағдайын тұрақтандырып, оларды реанимация бөлімшесінен палаталарға ауыстырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мысалы, орташа ауырлық дәрежедегі пациенттер саны 2,5 есеге — 3 256-дан 1 343 адамға дейін төмендеді.
Н. Табынбаевтың айтуынша, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ковидтік бөлімшелерде жұмыс істей алатын мамандар резервін қалыптастырып, тұрақты түрде кадрларды дайындайды.
Алдыңғы шепте барлығы 1 096 қызметкер жұмыс істейді (оның ішінде 235 дәрігер, 471 медбике, 390 кіші медициналық қызметкерлер). Бүгінгі күні барлық стационарлар білікті мамандармен толық жасақталған, бірақ барлық жоспарланған төсек-орын қорын пайдаланған жағдайда кадрларға деген қажеттілік те артады.
Ол үшін бүгінде мамандарды қайта даярлау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Әрине, дәрігер-инфекционисттер, пульмонологтар, анестезиолог-реаниматологтар және эпидемиологтар коронавируспен күресуде ең сұранысқа ие мамандар болып қала береді.