Коронавирус індеті анықталған 222 науқас 2167 адаммен байланыс жасаған

открытые источники
открытые источники
Бұл туралы бүгін елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кисикова мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұр-Сұлтанда коронавирусқа шалдыққан үш науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Бұл туралы бүгін елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кисикова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сонымен қатар, ел астанасында індетті жұқтырған 200-ден астам адамға қандай ем-дом жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тағы не мәлім болды?

«Тіркелген 222 науқас 2167 адаммен байланыс жасаған. Орташа есеппен алғанда коронавирус жағдайына байланыс жасаған 10 адамнан келіп тұр. Олар уақытылы оқшауланды, КВИ тексерілді. Олар – инфекцияны белсенді тасымалдаушылар. Осы топтың ішінде 131 адам жұқтырған, яғни жалпы жұқтырғандардың 60 пайызын құрап отыр», – деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле КИСИКОВА.

Новости партнеров