Коронавирустан айыққандар саны 27-ге жетті. Нұр-Сұлтанда 16 адам болса, Алматы қаласында 11 азамат жазылып шыққан, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 402-ге жетті. Осылайша, елордада індет 191 адамнан анықталса, Алматы қаласында бұл көрсеткіш 90-ға көтерілді. Шымкент қаласында 3 жағдай тіркелген. Өңірлерде де дерт дендеп барады: Қызылорда облысында 25, Қарағанды облысында 21, Ақмола облысында 19 болса, Атырау облысында 18-ге жетті. Алматы облысында 9, Солтүстік қазақстанда 6 жағдай, Жамбыл мен Түркістан облыстарында бес-бестен, Ақтөбе облысында 4. Шығыс пен Батыс қазақстан облыстарында екі-екіден, ал, Маңғыстау мен Павлодар облыстарында бір-бір адамнан анықталды. Аты жаман ауру 3 отандасымызды бақилық қылды.