Түркістан облысына Германия және Украина елдерінен гуманитарлық көмек жеткізілді

inform.kz
inform.kz
4 мыңнан асатын медициналық препарат пен қорғаныш бетперделері қажеттілігіне қарай ауруханалар мен емханаларға таратылатын болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысына Германия және Украина елдерінен гуманитарлық көмек жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Көмек жүгінде медициналық бетперде, меропенем, левофлоксацин секілді аса қажетті заттар бар. Келіп жеткен дәрілік заттарды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент қызметкерлері мен дәрігерлер қабылдап алды. Жалпы саны 4 мыңнан асатын медициналық препарат пен қорғаныш бетперделері қажеттілігіне қарай ауруханалар мен емханаларға таратылатын болады.

Айта кетейік, сыбайлас жемқорлық фактілері орын алмас үшін, барлық препаратқа «тегін» деген жазуы бар арнайы мөр басылады. Бұл шаралар облысымызда коронавирустың таралу жағдайы азайып, ахуал тұрақталғанша жалғаса бермек», – делінген облыс әкімдігінің ресми сайтында.

Новости партнеров