Биыл Алматыда 112 көшеде 18,6 шақырым жаңа жол салынды

grifoninfo.ru
grifoninfo.ru
Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Алматыда 112 көшеде 18,6 шақырым болатын жаңа жол салынды, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Алматыдағы жолдардың жалпы ұзындығы – 3096 шақырым. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 75%-ды құрайды. Биыл 112 көшеде 18,6 шақырым болатын жаңа жол салынды . Жыл соңына дейін 65 көшеде 28,8 шақырымдық жол құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Бүгінде 103 көшедегі 76,4 шақырым жолдың орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Ұзындығы 23 шақырымға жететін 165 мың шаршы метр тротуар салынып, жөнделді.

Рысқұлов даңғылы – Емцов көшесі, Сейфуллин даңғылы – Жансүгіров көшесі, Бұқтырма көшесі – Құлжа трактісі, Абай даңғылы мен Саин көшесі қиылысындағы жол айрықтарының құрылысы жалғасуда.

Бес жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы басталды», – деп жазады Әсет Мұқажанов.


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Алматыдағы жолдардың жалпы ұзындығы – 3096 шақырым. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 75%-ды құрайды. Биыл 112 көшеде 18,6 шақырым болатын жаңа жол салынды. Жыл соңына дейін 65 көшеде 28,8 шақырымдық жол құрылысын аяқтау жоспарлануда. Бүгінде 103 көшедегі 76,4 шақырым жолдың орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Ұзындығы 23 шақырымға жететін 165 мың шаршы метр тротуар салынып, жөнделді. Рысқұлов даңғылы – Емцов көшесі, Сейфуллин даңғылы – Жансүгіров көшесі, Бұқтырма көшесі – Құлжа трактісі, Абай даңғылы мен Саин көшесі қиылысындағы жол айрықтарының құрылысы жалғасуда. Бес жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы басталды. - Общая протяженность дорог в Алматы – 3096 км. Доля дорог, находящихся в хорошем и удовлетворительном состоянии, составляет 75%. В текущем году построено 18,6 км новых дорог на 112 улицах. До конца года планируется завершить строительство 28,8 км дорог на 65 улицах. На сегодняшний день завершен средний ремонт 76,4 км дорог на 103 улицах. Построено и отремонтировано 165 тыс. кв. м тротуаров протяженностью 23 км. Продолжается строительство транспортных развязок на пр. Рыскулова – ул. Емцова, пр. Сейфуллина – ул. Жансугурова, ул. Бухтарминская – Кульджинский тракт; пробивка пр. Абая и ул. Саина. Начато строительство пяти надземных пешеходных переходов.

Публикация от Асет Мукажанов (@aset.mukazhanov)19 Авг 2020 в 9:39 PDT


Новости партнеров