COVID-19 белгілері жоқ тасымалдаушылар өзгелерге вирус жұқтырмайды

09.06.2020 18:08

Бұл өте сирек кездесетін жағдай

www.pavlodarnews.kz

COVID-19 белгілері жоқ тасымалдаушылар өзгелерге вирус жұқтырмайды. Ондай жағдай сирек кездеседі, деп хабарлайды Tenginews.kz Gazeta.ru-ға сілтеме жасап.

«Біздің мәліметтерге сүйенсек, COVID-19 белгілері жоқ тасымалдаушыларда басқаларға вирус жұқтыру қаупі төмен. Өзге елдердің де есебі бар. Онда да вирус белгілері жоқ тасымалдаушыларға бақылау жүргізіледі, олармен байланыста болғандар да бақылауда, бірақ вирус әрі қарай тарап жатқан жоқ. Бұл өте сирек кездесетін жағдай», – дейді ДДҰ өкілі Мария Ван Керкхове.

Оның айтуынша, COVID-19 белгілері жоқ тасымалдаушыларда бүкіл процесс бойы вирустың ешқандай белгілері байқалмайды.