Италияда коронавируспен ауырғандар саны 200 мыңнан асты

29.04.2020 18:09

Елде осы инфекциядан 27 359 адам көз жұмған, сондай-ақ коронавирустан 68 941 адам емделіп шыққан

inform.kz

Сейсенбі күні Азаматтық қорғаныс департаменті Италияда коронавируспен ауырғандардың жалпы саны екі жүз мыңнан асқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ANSA агенттігіне сілтеме жасап.

Департаменттің мәліметінше, қазіргі уақытта Италияда COVID-19 вирусын 105 205 адам жұқтырған. Ал, елде осы инфекциядан 27 359 адам көз жұмған, сондай-ақ коронавирустан 68 941 адам емделіп шыққан.

Инфекция жұқтырғандар, қайтыс болғандар және сауығып шыққан адамдарды қосқанда коронавируспен ауырғандардың жалпы саны – 201 505 адам. Департамент сондай-ақ қазіргі уақытта интенсивті терапияда COVID-19 вирусын жұқтырған 1863 пациент жатқанын хабарлады. Айта кетейік, бұл дүйсенбі күнгі көрсеткіштен 93 адамға аз. Осылайша Италияда пандемияның төмендеу қарқыны жалғасуда.

Еске сала кетейік, Италияда жаппай оқшаулау режимі 3 мамырға дейін ұзартылған болатын. Алайда сейсенбіден бастап кітап, кеңсе тауарлары мен киім дүкендері ашыла бастады. Зауыттар жабық. Елде мектептер де биылғы оқу жылының соңына дейін жабық болады.

Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 3079 адамға жетті