|
20.04.2020 | 13:09
1160

Ухань зертханасының басшысы SARS-CoV-2 вирусы қолдан жасалды деген айыпқа жауап берді

Бұл туралы Қытайдың CGTN мемлекеттік арнасы хабарлады

Ухань зертханасының басшысы SARS-CoV-2 вирусы қолдан жасалды деген айыпқа жауап берді Ухань вирусология институты

Ухань вирусология институтының директоры, профессор Юань Чжимин SARS-CoV-2 коронавирусын қолдан жасады деген айыпқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Бұл вирус бізден шыққан жоқ", - деді профессор.

Маманның айтуынша, вирусты адам дайындағанына ешқандай дәлел жоқ.

"Кей ғалым вирус дайындау үшін айрықша интеллект және зор еңбек керек деп есептейді. Сондықтан мен ешқашан мұндай вирусты бүгінде, біз, адамдар дайындады дегенге ешқашан сенбедім", - деді ол.

Юань Чжимин коронавирустың лабораториядан шыққаны туралы мақалаларда дәлел жоқ және жай күдікке негізделгенін айтты. Профессордың сөзінше, лаборатория Уханьда орналасқандықтан және әлемде пандемия жалғасып тұрған кезде адамдарда мұндай күдік болады.

Сонымен қатар, ғалымның айтуынша, институт мамандарының бірде-бірі вирус жұқтырмаған.

Еске салайық, жақында коронавирустың қолдан жасалғаны туралы Нобель сыйлығының лауреаты, француз вирусологы және ЖИТС-ты алғашқы болып ашқандардың бірі Люк Монтанье айтқан болатын. Ғалым COVID-19 таралуы басталған Ухань қаласындағы "молекулярлық биологтар жұмысының" нәтижесінде SARS-CoV-2 шықты деп есептейді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир