Үндістанның Денсаулық сақтау және отбасылық әл-ауқат министрлігі өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 267 334 жағдайын анықтады, елде эпидемия басталғалы бері ауруға шалдыққандардың жалпы саны 25 496 330-ға жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ведомствоның ресми сайтындағы мәлімет бойынша, өткен тәулікте 4 529 өлім жағдайы тіркелген. Елде коронавирустан көз жұмғандардың жалпы саны – 283 248 адам. Өлім жағдайларының тіркелген тәуліктік өсімі Үндістан үшін қатарынан екінші рет антирекорд көрсетті. Бір күн бұрын инфекцияның асқынуынан 4 329 өлім жағдайы анықталды. 24 сағат ішінде қайтыс болғандардың саны осы айда тоғызыншы рет 4 мың адамнан асты.
Дегенмен соңғы уақытта ауру жұқтырғандардың тәуліктік саны біршама төмендегені байқалады: 17 мамырда Үндістан коронавирус жұқтырудың 281 386 жаңа жағдайын тіркеді. Айта кетейік күніне 300 мыңнан аз көрсеткіш 21 сәуірден бастап (сол күні 295 041 адам ауруға шалдыққан) алғаш рет байқалды, ал 18 мамырда 263 533 адамның кокронавирус жұқтырғаны тіркелді.