Елімізде коронавирустық пневмония бір тәулікте 787 адамнан анықталды
centralasia.media
Бір тәулікте індеттен 164 адам жазылып шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстанда бір тәулікте коронавирустық пневмонияға 800-ге жуық адам шалдықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.
«Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 787 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 20541, 237 өлім жағдайы тіркелді», – делінген ақпаратта.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 19 тамыз күні Қазақстанда коронавирус инфекциясы 244 адамнан анықталды. Оның ішінде 110 адам - симптомсыз тасымалдаушы.
Бір тәулікте індеттен 164 адам жазылып шықты.
Бүгінге дейін коронавирус жалпы 103 815 адамнан анықталды. Оның ішінде 86 450 науқас – жазылды, 1415 науқас – қайтыс болды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34