Ол үй Түрксіб ауданында орналасқан
Бүгін оңтүстік астана аумағында коронавирусқа байланысты тағы бір тұрғын үйдің оқшауланғаны белгілі болды. Ол Алматы халықаралық әуежайына жақын орналасқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Үй периметрі бойынша бекетшілер кезекшілік етіп тұр. Тұрғын үй Түркісіб ауданы, Алтай ықшамауданында орналасқан.
Оқиға орнында Түркісіб ауданы Санитарлық-эпидемиологиялық станциясының басшысы Мәулен Ұнаспеков пен 32- аурухана басшысы Артур Қажыбаев жүр.
Айта кетейік, бұл тұрғындары коронавирус шараларына байланысты қолайсыздық сезініп жатқан сегізінші үй болып отыр.