Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласындағы карантин режимін қамтамасыз ету жұмыстарын тексерді

20.03.2020 18:52

Жауапты органдарға карантин режимі жағдайында сапалы жұмыс атқаруды тапсырды

Almaty.tv

Еліміздің Премьер-министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласындағы карантин режимін қамтамасыз ету жұмыстарын тексерді, деп хабарлады Almaty.tv.

Үкімет басшысы елордадан шыға берістегі «Нұр-Сұлтан - Петропавл» автожолы бойындағы № 2 қадағалау бекетіне барып, ішкі істер қызметкерлерінің, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және Қарулы Күштердің әскери қызметкерлерінің іс-әрекетімен танысты. Дерттің дендеуіне жол бермеуде бекеттердің атқарар рөлі айрықша екенін айтып, жауапты органдарға карантин режимі жағдайында сапалы жұмыс атқаруды тапсырды.