Алматыда Телемедицина орталығының қызметкерлері КВИ жұқтырған науқастарға қашықтықтан кеңес беріп жатыр

пресс-служба ЦГКБ
пресс-служба ЦГКБ
Қазіргі кезде Орталықпен 52 158 кіріс және 472 043 шығыс қоңырауға қызмет көрсетілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгінгі таңда Алматыдағы Телемедицина орталығындағы дәрігерлердің бақылауында 3527 науқас және стационардан кейін 49 науқас бар, деп хабарлайды Almaty.tv

Күніне 2500-3000 кіріс және шығыс қоңырау байланыстары қаралуда.

Қазіргі кезде Орталықпен 52 158 кіріс және 472 043 шығыс қоңырауға қызмет көрсетілді.

Телемедицина орталығы (бұдан әрі-ТМО) үйде ем қабылдап жатқан COVID-19 бен ауратын пациенттерге көмек көрсету мақсатында 2020 жылғы қыркүйек айында ашылған болатын. Орталықпен COVID-19 бен ауратын пациенттерге, сондай-ақ, қауіп тобына кіретіндермен қашықтық түрде бақылау мен консультация жүргізіледі.

«Біз МСАК ұйымдарының мамандарымен жүргізілген офлайн кеңестен соң ТМО мамандары онлайн түрінде кеңес береді және үй карантиніндегі COVID-19 бен ауратын пациенттер бойынша мониторинг жүргіземіз.

Емделуге жатқызуға көрсеткіштер болған кезде ТМО мобильдік бригада немесе жедел жәрдем шақырады. Пациенттерді тиісті медициналық көмек көрсету үшін стационарларға жібереміз», – деді ТМО басшының м.а. Жұлдыз Бауыржанқызы.

Сонымен қатар, Алматы қаласының тұрғындарынан COVID-19 ауруына күдіктілерге медициналық көмек көрсету мәселесі жөніндегі кіріс қоңыраулар түскен кезде, мамандар активті қабылдап, тұрғынның тұратын аумақтылығы бойынша қала тұрғынына медициналық көмек көрсету үшін емханаға жібереді, сондай-ақ, вакцинация мәселесі бойынша кеңес береді.

Телемедицина орталығының тәулік бойғы байланыс телефондары: 8 (727) 3000 505, ұялы телефоннан қысқа қоңырау 1312 номері арқылы.

Новости партнеров