Ғалымдар COVID-19-дың жаңа симптомын анықтады

31.10.2020 18:57

Ғалымдар мыңға жуық COVID-19-ға шалдыққанды зерттей келе, науқастар терісінің өзгергенін байқаған

Фото: nightfallnews.com

Коронавируспен ауырғандардың терісіне зақым келеді. Массачусетс ауруханасы, Дерматология қоғамының халықаралық лигасы және Америкалық дерматология академиясының мамандары осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Ғалымдар мыңға жуық COVID-19-ға шалдыққанды зерттей келе, науқастар терісінің өзгергенін байқаған. Коронавирус белгілері бар 224 адам мен расталған 90 жағдайда бұл симптом шамамен 12 күнге дейін созылған.

Зерттеушілердің айтуынша, алты жағдайда бақай тырнағы дерттері пайда болған. Оларда сырқат 60 күнге дейін дейін жалғасқан, тағы екі адамда 130 күнге дейін созылған.

Британиялық басылымның хабарлауына сәйкес, халықаралық COVID-19 дерматологиялық тізімде коронавирустан кейін аяқтың сырқаты байқалған. Науқастардың 16 пайызы ауруханаға жеткізілген.

Бұған дейін ғалымдар  вирустың мұндай салдары туралы хабарламаған болатын. Алайда өкпе, жүрек, бүйрек және адамның репродуктивті жүйесіне зақым келетіні айтылды.