Еуропалық Одақ Қазақстанға коронавируспен күреске 1,6 миллион еуро бөледі

22.07.2020 в 18:17

Аталған көмек Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арқылы беріледі

Еуропалық Одақ Қазақстанға COVID-19-бен күреске 1,6 миллион еуро (756,2 миллион теңге) бөледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Еуропалық Одақ «Орта Азиядадағы COVID-19: Дағдарысқа жауап беру (CACCR)" бағдарламасын жүзеге асырады. Осы орайда ЕО Қазақстан, Қырғызстан және Түркіменстанға 3 миллион еуро бөледі.

Бұл қаржының басым бөлігі - 1,6 миллион еуро (756,2 миллион теңге) Қазақстанға бөлінеді».

Аталған көмек Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арқылы беріледі. Себебі, Еуропалық Одақ бұл ұйыммен келісімшартқа отырған болатын.