|
05.08.2021 | 13:17
3076

Қоғамдық көліктерге Ashyq қосымшасы енгізіле бастады

Қоғамдық көлікте адамдардың шоғырлану ықтималдығы жоғары

Қоғамдық көліктерге Ashyq қосымшасы енгізіле бастады Фото: azh.kz

Атырауда қоғамдық көліктерде жолаушыларды Ashyq арқылы тексере бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Ақ Жайыққа» сілтеме жасап.

Бұл жаңалық кешеден бері жұмыс істеп жатыр, бірақ көп сауал тудырып отыр дейді дереккөз. Көлікке отырар алдында жолаушылардың мәртебесі тексеріледі, бірақ смартфоны мен «Ashyq» қосымшасы жоқ адамдар бәрібір автобусқа жіберіледі. Мұндай жарым-жарты шараның қажеті қанша, дейді қала тұрғындары түсінбей. Биліктің ресми жауабын қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұрислам ҒҰМАР хабарлады.

"Жолаушылар қоғамдық көлікке «Ashyq» қосымшасындағы QR кодын сканерлеу арқылы отырғызылады. Сондай-ақ, смартфон мен «Ashyq» қосымшасы жоқ жолаушылар да автобусқа жіберіледі. Бұл жоба тұрғындар арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін анықтаудың қосымша шарасы ретінде енгізілді, өйткені қоғамдық көлікте адамдардың шоғырлану ықтималдығы жоғары",  делінген. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир