Нұр-Сұлтанда дезинфекциялық кешендер орнатылуда

Almaty.tv
Almaty.tv
Елордада бүгінгі күнге он кешен қойылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұр-Сұлтанда халық көп жиналатын орындарда және ауруханалар аумағында дезинфекциялық кешендер орнатылып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Елордада бүгінгі күнге он кешен қойылған. Алғашқы дезинфекциялық кешен шаһар әкімдігінің бастамасымен әрі қолдауымен №3 көпбейінді балалар ауруханасына орнатылды.  Себебі мамандар балалар денсаулығының қауіпсіздігі басты назарда дейді. Медицина қызметкерлері жұмысқа кірместен бұрын, осы тоннель арқылы өтеді. Ондағы арнайы сұйықтық киімдерін вирустан тазартады.  Осындай қондырғылар басқа да медициналық мекемелер мен адамдар көп жиналатын орындарға қойылады деп жоспарлануда.


«Ауруханамыз балаларды емдейтін болғандықтан бізге бірінші қойылды. Келушілер мен медициналық қызметкерлер кешен арқылы өтіп, дезинфекциялық сұйықтықпен инфекциялық қоздыруларды тудыратын потогенетикалық флоралардан арылады. Мұндай қондырғылар Германия, Италия, Түркия елдерінде далада қойылғанын көргенмін. Біздің мекемеге адам көп келеді. Сондықтан вирустың алдын алуда аса қажетті кешен деп ойлаймын», – деді қалалық № 3 көпбейінді балалар ауруханасының директоры Иран ШАМЕТЕКОВ.


Новости партнеров