|
13.03.2020 | 13:26
1768

Нұр-Сұлтанда коронавирусқа күмәнді науқастар стационары қала сыртында орналасқан

Бұдан бөлек, Сәуле Кисикова брифингте қазақстандықтарды коронавирустың белгілері болған жағдайда емханаларға келмеуге шақырды

Нұр-Сұлтанда коронавирусқа күмәнді науқастар стационары қала сыртында орналасқан Аlmaty.tv

Бұл туралы бүгін елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кисикова коронавирусқа байланысты өткізілген баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Коронавирустық инфекцияны диагностикалау үшін және індеттің зертханалық зерттеумен расталған жағдайында бөлек стационар ұйымдастырылып отыр. Ол алдын ала бөлінген стационар. Қала сыртында, яғни бөлек ғимаратта орналасқан. Сондықтан коронавирусқа шалдыққан науқастар өзге дерттермен тоғыспайтынын нық сеніммен айта аламын», – деді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле КИСИКОВА.

Бұдан бөлек, Сәуле Кисикова брифингте қазақстандықтарды коронавирустың белгілері болған жағдайда емханаларға келмеуге шақырды. Індеттің симптомдары байқалған жағдайда үйде қалып, жедел жәрдемді шақыруға кеңес берілді.    

«Белгілері пайда болса, өздігінен ем қабылдамаңыз. Үйден жедел жәрдем қызметін шақыртыңыз. Емханаға барудың қажеті жоқ. Кореяда бір науқас емханаға барған. Бұдан клиника дезинфекция жүргізу мен карантин үшін өзінің жұмысын тоқтатуға тура келді. Бізге де сондай шара қолдану қажет болады», – деді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле КИСИКОВА.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир