Алматыдағы науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Тек өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған 1 әйелдің жағдайы ауыр және 1 баланың жағдайы орташа дәрежеде, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында мәлімдеді. Оның сөзінше, қазіргі уақытта шаһардағы провизорлық орталықтарда 1099 адам бар, оның ішінде 72-сі бала. Ал, карантиндік орталықтарда 471 адам жатыр. Сондай-ақ, үй карантиніндегі тұрғындардың саны – 2037.
«Жаңадан анықталған бес адамның ішінен төртеуі 26 наурызда Минск-Алматы рейсімен ұшып келді, екеуі 26 наурызда Мәскеу-Алматы рейсімен ұшып келді. Ауырғандардың бірі 15 наурызда Ыстамбул-Алматы рейсімен ұшып келді, 18 наурызда жақын байланыс жасаушы ретінде оқшауланған, бастапқы талдау қорытындылары теріс нәтиже берген. 2020 жылғы 26 наурызда талдауды қайта тапсырған кезде оң нәтиже шықты, осы уақыт бойы ол оқшаулауда болды», – деді қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан ӘБІЛДАЕВ.