Түркістан қаласының әкімінен де коронавирус анықталды

22.06.2020 18:30

Бұл турал қала әкімі Рашид Аюпов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазған

Фото : 24.kz

Түркістан қаласының әкімінен де коронавирус анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл турал қала әкімі  Рашид Аюпов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазған. 

«Құрметті Түркістан қаласы тұрғындары!

Осыдан бірнеше күн бұрын денсаулығым сыр беріп, дәрігерлер көмегіне жүгінген едім. Алдыңғы күні тапсырған ПТР анализі оң нәтиже көрсетіп, Covid-19 індетіне шалдыққанымды растап отыр.

Жұмыс барысымен  күнделікті  адам саны көп жерлерде болуға мәжбүрміз. Қанша сақтық шараларын орындасақ та, бұл індет шет айналып өтпеді. Нақты кімнен, қашан жұққанын анықтау жұмыстары да жүргізілуде.

Осыған орай, үйде оқшаулануға мәжбүрмін. Жұмысты алшақтан қадағалап, пайдалы болуға тырысамын. Дегенмен қала әкімдігі жұмысы уақытша орынбасарым Мұсаев Тәжібек Қалманұлына жүктелді.

Әкімдік ғимаратында залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, қызметкерлер де анализ тапсыратын болады.

Бұл күндер де көп ұзамай өтіп кетеріне сенемін. Амандықта жүздесу бұйырсын! Дендеріміз сау, жақындарымыз аман болсын!», – деп жазады ол.