АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандардың саны 200 мыңнан асты
ашық дереккөзден
Өлім деңгейі бойынша екінші орында – Бразилия
Жаңалықтармен бөлісіңіз
АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны 200 мыңнан асты, деп хабарлайды Tengrinews.kz Джонс Хопкинс университетінің сайтына сілтеме жасап.
23 қыркүйектегі дерекке сәйкес, АҚШ-та 6 894 586 адам COVID-19 жұқтырған. 2 646 959 науқас айықса, 200 724 адам аурудан көз жұмған. Осылайша, АҚШ вирусты жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны бойынша әлемде бірінші орында тұр.
Өлім деңгейі бойынша екінші орында – Бразилия. Онда 137 мыңнан аса адам қайтыс болған. Үшінші орында Үндістан тұр, мұнда 88 935 адам көз жұмған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
11.10.2026 11:30
Дәрігерлер күндіз қанша уақыт ұйықтау керек екенін айтты
11.10.2026 11:14
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
11.10.2026 09:08
Иммунитетті қалай күшейтуге болады - мамандар кеңесі
10.10.2026 09:54