|
25.03.2020 | 13:35
5372

Алматының бас санитар дәрігері 14 күндік карантиннен шыққанын мәлімдеді

Ол өзіне тағылған айыптардың негізсіз екенін айтты

Алматының бас санитар дәрігері 14 күндік карантиннен шыққанын мәлімдеді Фото: almaty.tv

Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысы Айзат Молдақасымова онлайн брифинг барысында қаладағы коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық ахуал жайында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Айзат Молдақасымова Германиядан келген транзиттік рейсте коронавирус жұқтырған адаммен бір ұшақпен келгендіктен, 14 күн карантинде жатқан. Алайда, Алматы қоғамдық кеңесі оған уақытында карантинге оқшауланбай, жұмыс бабымен көп адаммен араласып, адамдардың денсаулығын қатерге тікті деген айып таққан болатын. Осы жайтқа байланысты департамент басшысы түсініктеме берді.

«Мен өзіме қатысты айыптауларды негізсіз деп санаймын. Өйткені, 14 күн карантинде жатып шықтым. Сол уақыт аралығында 2 рет тест тапсырдым. Тест нәтижесі көрсеткендей, менің бойымнан вирус табылған жоқ. Айтып өтерлігі, мен Германияда болған жоқпын. Мен тек 1,5 сағат транзиттік аймақта болдым. 10 наурызда Германия қауіптілігі жағынан 2-ші санаттағы елге жататын. Сондықтан да Германиядан келген адамдар тек телефон арқылы бақылауда болды. Мен инфекция жұқтырған жолаушымен бірге келгенімді тек сағат 15.00 шамасында білдім. Естіген сәтте-ақ бірден стационарға оқшауланып, тест тапсырдым. Талдау нәтижелері менде инфекцияның жоқ екенін көрсетті. 14 наурызда емдеуші дәрігерім мені үйге жіберді. Қазіргі уақытта денсаулығымда еш кінәрат жоқ»,- деді Айзат Молдақасымова.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир