|
19.04.2020 | 13:38
6305

22 адамды алдап, ақша жинаған алаяқ әйел ұсталды

33 жастағы әйел адамдарға «Даму» қорынан ірі көлемде несие алып беремін деп уәде берген

22 адамды алдап, ақша жинаған алаяқ әйел ұсталды Tengrinews.kz

Астанада тұрғындарды «кедергісіз» несие алуға көмектесемін деп сендіріп, алдаған әйел ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері 33 жастағы елорда тұрғынын ұстады.

«Ол адамдарға «Даму» қорынан ірі көлемде несие алуға көмек көрсетуге уәде берген. Қызметі үшін 100-ден 200 мың теңгеге дейін ақша алып отырған. Ол клиент іздеуге ұзақ уақыт жұмсамаған. Себебі мұның алдында ақшасын төлеп, несиесін күтіп отырған таныстары арасында сыбыс тез тараған екен. Нәтижесінде 22 адам әйелдің «Даму» қорына ешқандай қатысы жоқ екеніне және несие алмайтындарына күдіктенбестен, оған ақша берген», – деп хабарлады полиция өкілі.

Аталған деректер бойынша ҚК 190-бабына («Алаяқтық») сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

«Нұр-Сұлтан полиция департаменті осындай жағдайды болдырмау мақсатында тұрғындарды қырағы болуға шақырады. Несие алу үшін делдал іздемеңіздер. Мұндай қызметтерден ірі көлемде ақша жоғалтуыңыз мүмкін», – деп ескертті Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің өкілі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир