Вице-министрдің айтуынша, жаңа туған сәбиден де коронавирусқа анализ алынған, баланың жағдайы қанағаттанарлық
Қызылорда облыстық перинаталды орталығында коронавирус анықталған әйел аман-есен босанды. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Facebook-те жазды, деп хабарлайды sputniknews.kz.
"8 сәуірде босанатын уақыты жеткен жүкті әйел өткір респираторлық вирусты инфекция белгілерімен провизорлық перзентханаға (оқшауланған ғимарат) түсті. Денсаулығын тексеру барысында оның қызуы 38,1 градусқа дейін көтерілген. COVID-19 вирусына анализ алынды, ауру жұқтырғаны анықталды. Толғағы басталды. Аман-есен босанды", - деді ол.